Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі бұйрығымен Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Нұралхан Көшеров тағайындалды.

Бүгін Қаржы министрлігі аппаратының басшысы А.Бейсенбекұлы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

Нұралхан Оралбайұлы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, М.Әуезов атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті, Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Салық органдарындағы еңбек жолын 2008 жылдан бастаған.

Мемлекеттік кірістер органдарында түрлі лауазымдарда жүмыс істеген. 2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болған.

Ал, 2018 жылдың қазан айынан бері Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымын атқарған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысының жолаушылар көлігі басқармасына жаңа басшы тағайындалғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар