+7 (701) 759 90 19
USD 414.94 EUR 504.03
RUB 5.59 CNY 64.22
Jańalyqtar

Атырау облыстық мәслихатына жаңа хатшы сайланды

2021 жылғы 16 қаңтар 01:40
Бөлісіңіз:
Атырау облыстық мәслихатына жаңа хатшы сайланды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда облыстық мәслихаттың І сессиясы өтіп, жаңа хатшы сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда мәслихат депутаттары елорданың зиялы қауым өкілдерімен кездесті Елордада 107,9 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды

Сессияда облыстық мәслихаттың хатшысы лауазымына Әлібек Нәутиев сайланды. Ол бұған дейін облыс әкімінің орынбасары болған еді.

Сайлау қорытындысына сәйкес, VІІ шақырылымдағы облыстық мәслихаттан «Nur Оtan» партиясына – 25, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясына – 3, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясына 3 депутаттық мандат берілген.

Сондай-ақ, жергілікті мәслихат депутаттарының саны 134-тен 141-ге өсіп отыр.

Соның ішінде облыстық мәслихат депутаттарының саны 27-ден 31-ге, ал, Атырау қалалық мәслихатының депутаттары 19-дан 24-ке, Жылыой аудандық мәслихатының депутаттары 15-ке артқан.

«Сайлауалды бағдарламаны орындау мен жаңа реформаларды жүзеге асыру міндеттері тұр. Тұрғындарды толғандыратын мәселелерді шешудің жүйелі жоспарын жасақтап, тиімді жолдарын табуымыз қажет. Сондықтан, депутаттарды ел игілігі үшін бірлесе қызмет етуге шақырамын»,- деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT