Атырау облыстық қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен Азамат Серікболұлы Сәлімбаев облыстық қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Азамат Сәлімбаев 1985 жылы 20 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында дүниеге келген.

Білімі – жоғары, 2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін экономика мамандығымен бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Атырау облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде қаржы бөлімінің бас маманы болып бастаған.

2008-2020 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен ҚР Қаржы министрлігінде эксперттен бастап басқарма басшысына дейін түрлі лауазымда істеген.

2020 жылдың сәуірінен 2021 жылдың наурызына дейін Атырау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарған. Осы тағайындауға дейін облыс әкімінің кеңесшісі болған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Айгүл Әжіғалиева Атырау облысының экономика басқармасының басшысы болып тағайындалған еді.


Соңғы жаңалықтар