Атырау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жаңа басшы келді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысы әкімінің өкімімен Азамат Серікболұлы Сәлімбаев экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Азамат Серікболұлы 1985 жылғы 20 шілдеде Шығыс-Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданында дүниеге келген. 2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Атырау облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде қаржы бөлімінің бас маманы лауазымынан бастаған.

2008-2010 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі өнеркәсіпті дамыту басқармасында эксперт;

2010-2013 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде жоспарлау департаментінің бас эксперті;

2013-2014 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі өнеркәсіп

саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау департаментінің бас эксперті;

2014 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі өнеркәсіп және

жанармай-энергетика кешені саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау

басқармасының басшысы;

2014-2019 жылдары ҚР Қаржы министрлігі өнеркәсіп және жанармай-энергетика

кешенінің бюджеті басқармасының басшысы;

2019 жылғы қазаннан қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігі, жанармай-энергетика

кешенінің бюджеті және экономикалық қызметті дамыту басқармасының басшысы

лауазымдарын атқарған.

2014 жылы ҚР Қаржы министрінің құрмет грамотасымен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар