+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауысты

2020 жылғы 22 қазан 16:57
Бөлісіңіз:
Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауысты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Асхан Байдуәлиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Асхан Мархабайұлының мамандығы – дәрігер-уролог, медицина ғылымдарының кандидаты.

С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітірген. Еңбек жолын аталған университеттің урология және жедел нефрология кафедрасында ассистент болып бастаған. Әр жылдары Алматы облысындағы Қарасай аудандық емханасының директоры, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті қосымша кәсіби білім орталығының басшысы қызметін атқарған.

Сондай-ақ, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті клиникалық жұмыстар жөніндегі департаментінің директоры, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.

Осы тағайындауға дейін Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, басшысының міндетін атқарушы болды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT