+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

2019 жылғы 30 желтоқсан 13:04
Бөлісіңіз:
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов облыс активіне денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Байтолла Ғазизов тағайындалды.

«Өткізілген конкурс қорытындысымен Байтолла Закарьяұлы Ғазизов денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Медицина саласындағы тәжірибелі маман. Аудандық, облыстық деңгейде түрлі басшылық қызметтер атқарды. Кәсіби, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Оның басшылығымен өңірдегі денсаулық сақтау саласы жаңа серпін алады деген сенімдемін. Алда ел игілігі үшін атқаратын көп жұмыс күтіп тұр», - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Байтолла Ғазизов облыс басшысын өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелерді шешуге бар күш-жігері мен тәжірибесін салатынына сендірді. Б.Ғазизов - жоғары білімді, Ақтөбе мемлекеттік медицина университетін бітірген. Еңбек жолын Атырау облыстық ауруханасында дәрігерліктен бастаған.

Индер, Құрманғазы аудандарында отбасылық-дәрігерлік амбулаторияларда жұмыс істеген. Туберкулезге қарсы ауруханада, кейін Құрманғазы аудандық ауруханасында бас дәрігері болды. Медициналық және фармацевтік қызметтерді бақылау комитетінің Атырау облысындағы департаментін басқарды.

Б.Ғазизов бүгінге дейін әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының директоры қызметін атқарған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT