+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Атырау облыстық білім басқармасының басшысы мен сыбайластары қамауға алынды

2019 жылғы 8 қаңтар 20:59
Бөлісіңіз:
Атырау облыстық білім басқармасының басшысы мен сыбайластары қамауға алынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда облыстық білім басқармасының басшысы мен оның сыбайластары тергеу оқшаулағышына қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті хабарлағандай, соттың шешімімен облыстық білім басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиев пен, оның орынбасары Роза Қабдұлованы, сондай-ақ Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясы жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының бас есепшісі Назымгүл Мәжітованы екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, тергеу оқшаулағышына қамалды. Оларға қатысты ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Еске салайық, Атырау облыстық әкімдігінде білім басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиевтің ұсталуына қатысты түсінік берген еді. Таяу уақытта әкімдіктің барлық басқармаларында ішкі аудит жүргізіледі.

Автор:
А. Соколов

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT