Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері қызметінен уақытша шеттетілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері қызметінен уақытша шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың хабарлауынша, Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Сайын Шомиров қызметінен уақытша босатылды. Қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасында медициналық мекемеде коронавирус инфекциясының таралуына жол берілуі фактісіне орай комиссия құрылды.

Бұған дейін, 8 сәуірде бас дәрігердің шешімімен науқастар мен дәрігерлердің коронавирус инфекциясын жұқтыруына байланысты аурухана карантинге жабылған болатын. Ал, 31 наурызда қауіпті індетті жұқтырған медициналық қызметкерлер арасында 10 дерек, науқастардан 12 дерек анықталған.

«Қазір арнайы комиссия аурухана басшылығының Covid-19 инфекциясын жұқтырудың алғашқы және кейінгі фактілерін тіркеу кезіндегі іс-әрекетін тексеруде. Комиссия жұмысының нәтижесімен бас дәрігерді қызметінен уақытша босату немесе қызметінен босату туралы шешім қабылданады»6- деп хабарлады жедел штаб.

Еске сала кетелік, бүгін облыстық аурухана қалыпты режимде жұмыс істеп, науқастарды шұғыл түрде емдеуді бастады. Тұрғындарды гинекология, гематология, нейрохирургия, травматология, нейротравматология, хирургия және реанимация бөілмдерінде қабылдау жүргізілуде. Карантиннен кейін 160 медицина қызметкері жұмысқа шыққанын жазған едік.



Соңғы жаңалықтар