Атырау: «Nur Otan-ның» филиалы Жайықтағы балық қырылу жағдайын бақылауда ұстайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында облыстық ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев және ведомствоаралық комиссияның төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев өткен жылдың желтоқсан айында Жайық өзенінде балықтың қырылу себебін анықтауға жұмылдырылған мемлекеттік органдар басшыларының есептерін тыңдады.

​Н.Ожаев атап өткендей, бүгінде аталған проблема тұрғындарды алаңдатуда. Ауа райының жылынуына байланысты өзен жағалауында балық өлекселері жиналып қалған. Көптеген тұрғындар партияның қоғамдық қабылдауына келіп, мүдделі органдардың осы мәселені шешу бойынша атқарып жатқан нақты шаралары жөнінде халықты ақпараттандырып отыруды сұраған.​null

Бүгінгі таңда партия халықтың мүддесін қорғайтын және Елбасы тапсырмаларының орындалуын бақылайтын басты институтқа айналды. «Халыққа көмек» жаңа партиялық жобасы іске аса бастады. Бұл жоба тікелей Елбасының тапсырмасы бойынша қолға алынған. Тұрғындардың, жұртшылықтың проблемаларына жедел әрекет ету қажеттігін Мемлекет басшысы партияның XVIII съезінде де атап өтті.
​Осы жұмыстар аясында жүйелі шешуді, жан-жақты зерделеуді қажет ететін қоғам назарына ілінген, проблемалық, қиын мәселелерге проактивті мониторинг жүргізіледі.

"Қазір аймақ халқын алаңдатып отырған проблема - Жайық өзенінің жағдайы, балықтардың қырылуы. Партия мүшелері Жайық жағалауын қоқыстан тазартуға арналған жалпықалалық сенбілікке қатысты. Бір күннің ішінде 52 тонна қоқыс, 4,3 тонна өлі балық жиналды",-деді Нұрлыбек Ожаев.null

Партия алаңында өткен ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында сөйлегендер өзен суының сапасын, балық пен балық өнімдерінің базарларда, сауда нүктелерінде сатылуын бақылау, балық өлекселерін жинау, жағалауды тұрмыстық қалдықтардан тазарту бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы айтты.

Кездесу барысында өзенде балық қырылуының себептерін анықтау жайы «Nur Otan» партиясының назарында екені және күн сайынғы мониторинг қортындысы партияның облыстық филиалына жіберілетіні айтылды.

«Экология департаментінің, қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің, полиция, денсаулық сақтау басқармасы, ветеринарлық қызмет басшылары жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша толық ақпарат берді. Базарларда, сауда орындарында балық өнімдерін сату нүктелеріне бақылауды күшейту туралы тапсырма бердік. Қазір жағдай тұрақты. Күн сайынғы мониторинг өзен суында нормадан ауытқу жоқ екенін көрсетіп отыр. Сатуға шығарылған және жаңа ауланған балықтарға зертханалық сынамалар бұзушылықтарды анықтамады. Медициналық мекемелерге балық өнімдерінен улану, инфекциялық ауру дерегімен түскендер тіркелген жоқ», - деп атап өтті Нұрлыбек Ожаев.

Ветеринарлық қызмет балық өнімдерін сататын 41 сауда нүктесін бақылауда ұстап отыр. Балық аулау орнынан сату нүктесіне дейінгі және тұтынушыға жеткенге дейінгі аралықтың бәріне мониторинг жүргізіледі. Сату орындарының бәріне облыстық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері тексеру жүргізетін болады.
​Құқық қорғау органдарына тексеруді ашық жүргізіп, қортындысы туралы нақты ақпаратты ұсыну тапсырылды. Әкімдік балық сатылуы мүмкін жерлердің бәріне қатаң бақылау жасайды.null

Ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында Атырау облыстық әкімдігінің және «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының бастамасымен биыл жазда Жайық өзеніне ғылыми зерттеу жұмысы жүргізілетіні айтылды.

Облыстық мәслихат депутаттарының шешімі бойынша осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 80 млн теңге бөлінді. Тендер жарияланып, оған отандық, шетелдік ғылыми-зерттеу топтары қатыса алады. Зерттеу жаздың үш айында жүргізіледі деп жоспарлануда. Содан кейін экологиялық ахуал, ластану себептері мен су сапасы туралы проблемалық мәселелер бойынша мамандар нақты ұсынымдар береді. Өзен жағдайы Махамбет ауданынан бастап Каспий теңізіне құйылатын жерге дейін зерттеледі.

Облыстық ведомствоаралық комиссияның кеңейтілген отырысында айтылған барлық тапсырмалар партияның бақылауына алынады. Әр бағыт бойынша жүргізілген жұмыстар туралы жұртшылыққа жедел ақпарат беріледі. null null

Соңғы жаңалықтар