Атырау мұнайшылары ауруханаға 40 оттегі баллонын алып берді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда «Ембімұнайгаз» АҚ ауруханаға 40 оттегі баллонын алып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отандық компанияның қоғаммен байланыс қызметінің ақпаратына сүйенсек, облыстық ауруханаға өкпені жасанды желдетуге арналған оттегі концентраторын алуға және операциялық блоктарды, реанимацияларды, диализ орталықтары мен провизорлық бөлімшелерді медициналық газбен қамтамасыз ету үшін медициналық жабдықтар сатып алуға 146 миллион теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілген.

Сондай-ақ, Жылыой аудандық ауруханасына 35 миллион теңге аударылған. Ал, өңір тұрғындарына көрсетілген көмектің жалпы сомасы - 300 миллион теңгеге жуық.

«Бұған дейін «Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қаласының «Береке» ықшамауданындағы карантин стационарын тұрмыстық техникамен, гигиеналық қажетті заттармен қамтамасыз етуге 100 миллион теңге бөлген болатын. Махамбет ауданында қайтадан ашылған провизорлық орталыққа автобус берілді. Ал, облыстық ауруханаға 40 оттегі баллоны тапсырылды. Сонымен қатар, Исатай, Мақат, Жылыой және Қызылқоға аудандарының әкімдіктеріне блокпост ұйымдастыруға, дезинфекция жүргізуге және халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына көмек көрсетілді» деп хабарлады компанияның қоғаммен байланыс қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында карантин күшейтілген болатын.


Соңғы жаңалықтар