USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Атырау мұнай өңдеу зауытының биологиялық тазарту құрылғысынан ақау шықты

2020 жылғы 2 қараша 11:53
Бөлісіңіз:
Атырау мұнай өңдеу зауытының биологиялық тазарту құрылғысынан ақау шықты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау мұнай өңдеу зауытының биологиялық тазарту құрылғысынан ақау шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«1 қарашада биологиялық тазарту құрылғысының жұмыс режимінде ақау орын алды. Бұл биологиялық шламның нормативтік тазартылған ағындар арнасына аз уақытқа өтіп кетуіне себеп болды. Қазіргі уақытта технологиялық режимді қалыпқа келтіру жүргізіліп жатыр. Осы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды», деп хабарлады Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі.

Атырау мұнай өңдеу зауыты 2019 жылы сарқынды суларды тазарту сапасын жақсарту мақсатынд тазарту құрылыстарын қайта жаңарту жобалау жұмыстарын бастады. Қазір алаңдарды дайындау және жабдықтар сатып алу жүргізілуде. Жобаны 2022 жылы аяқтау жоспарланып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT