Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өрт: Аймаққа «Қазгидромет» өкілдері аттанды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін күндіз өрт шыққан Атырау мұнай өңдеу зауытына «Қазгидромет» РМК-ның өкілдері аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

«2020 жылғы 10 сәуірде Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламаға байланысты, «Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының қызметкерлері оқиға орнына ауа сапасына кезектен тыс өлшеу жұмыстарын жүргізу үшін шықты.

«Қазгидромет» РМК атмосфералық ауаға бақылау бекеттері Атырау қаласы аумағында ШРК-ның (шекті рұқсат етілген концентрация) асып кетуі, яғни өлшенген заттар бойынша (шаң) 2 ШРК және өлшенген бөлшектер бойынша РМ 10 - 1,78 ШРК тіркелген»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ ақпаратта Атырау қаласы аумағындағы атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау 5 стационарлық бекетте жүргізілетіндігі айтылған.

Осыған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытында қондырғылардың бірі жанып жатқандығы хабарланды.

Кейінірек аталған аймақтағы өрттің сөндірілгені хабарланды.



Соңғы жаңалықтар