Атырау мұнай өңдеу зауытындағы ақау анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау мұнай өңдеу зауытының биологиялық тазарту құрылғыларындағы ақаудың себебі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«АМӨЗ» ЖШС экология бөлімінің мамандарының мәліметінше, 1 қарашада сағат 16.00-де электр энергиясын беру жұмыстарының ақауы себебінен ағынды суларды биологиялық тазарту блогы тұндырғышының шламын рециркуляциялау сорғысы тоқтатылған.

«Осыған байланысты тұндырғыштың құм сүзгісіне шығу нүктесінде қалқыма және

органикалық заттар (биошлам) концентрациясының артуы орын алды. Осы уақытта құм сүзгі блогында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл блок технологиялық сұлбасынан уақытша ажыратылды. Осының салдарынан зауыттың биологиялық тазарту құрылғыларынан өлшенген және органикалық заттары бар сарқынды су нормативтік-тазартылған сарқынды сулар арнасына ағызылды», -деп хабарлады онлайн-конференцияда кәсіпорынның мамандары.

Биологиялық тазарту құрылғыларындағы ақау 1 қарашада сағат 23.00-де қалпына келтірілген. Сондай-ақ, нормативті тазартылған ағынды сулардың арнасында биошламның булану өрістеріне одан әрі енуіне жол бермейтін тосқауылдар орнатылған.

Биошлам каналдан вакуумдық машиналармен сорылып, зауытқа кері қайтарылады.

Қазір АМӨЗ-де электр энергиясын жеткізу кезінде орын алған ақаудың себептері мен мән-жайын тексеру жөніндегі комиссия құрылған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау мұнай өңдеу зауытының биологиялық тазарту

құрылғысынан ақау шыққанын, кәсіпорынның зиянды қалдықты табиғатқа тастағанын

хабарлаған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар