ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ-2022

Атырау мұнай өңдеу зауытында қондырғыларды жоспарлы жөндеу басталды

2022 жылғы 1 қазан, 15:46
Атырау мұнай өңдеу зауытында қондырғыларды жоспарлы жөндеу басталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау мұнай өңдеу зауытында технологиялық қондырғыларды жоспарлы жөндеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау МӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімінен мәлім еткендей, бүгін, 1 қазанда жоспарлы жөндеу жұмыстары қолға алынған.

«Энергетика министрлігінің бекітілген жоспарлы алдын алу жөндеу кестесіне сәйкес 2022 жылдың 1 қазанында Атырау мұнай өңдеу зауытында жөндеу, алдын алу жұмыстары басталды. Технологиялық нысандарды жөндеу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. АМӨЗ-дегі құрылғылар мұнайды екі кезеңдік жүйе бойынша өңдейді. Яғни бірінен кейін бірі тоқтатылып, іске қосылады. Сондықтан нысандар жұмысын толық тоқтатпайды. Жөндеу кезінде зауыт 50-70%-ға тең қуаттылықпен мақсатты өнім шығаруды және жөнелтуді жалғастырады», -деп хабарлады қоғаммен байланыс бөлімі.

Мәселен, қазан, қараша айларында 692 мың тонна мұнай өңдеу жоспарланған. Мұнай өңдеудің орташа тәуліктік көрсеткіші 11 347 тоннаны құрайды.

Бұл – зауыттың жобалық қуатының 68%. Ал, мұнай өнімдерін шығарудың орташа тәуліктік көрсеткіші 2 400 тонна автобензин, 2 600 тонна дизельді отын, 240 тонна реактивті отын және 170 тонна сұйытылған газды құрамақ.

«Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы «Азаматтық қорғау туралы» заң талаптарына сәйкес технологиялық, электркүшті, компрессорлық және динамикалық жабдықтарды қауіпсіз әрі сенімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін қондырғылардың жобалық көрсеткіштеріне қол жеткізу, экологиялық параметрлерді жақсарту және автоматтандыру құралдарын қайта қарау мақсатында жасалады. Жоспарлы жөндеу кезінде қондырғыларда катализаторларды ауыстыру, ішкі инспекция, реакторлық, ыдыстық, колонналық, жылу алмасу жабдығы мен құбыр жолдарын тексеру және куәландыру жүргізіледі. Зауытты тұрақты жұмыс режиміне шығару кезең-кезеңмен, қарашаның екінші онкүндігіне дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр», -деп мәлім етті зауыттың қоғаммен байланыс бөлімінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау мұнай өңдеу зауытында электр қуаты сөніп, қондырғылар тоқтатылғанын Атырау мұнай өңдеу зауытында қондырғыларды жоспарлы жөндеу басталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау мұнай өңдеу зауытында технологиялық қондырғыларды жоспарлы жөндеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау МӨЗ» ЖШС-нің қоғаммен байланыс бөлімінен мәлім еткендей, бүгін, 1 қазанда жоспарлы жөндеу жұмыстары қолға алынған.

«Энергетика министрлігінің бекітілген жоспарлы алдын алу жөндеу кестесіне сәйкес 2022 жылдың 1 қазанында Атырау мұнай өңдеу зауытында жөндеу, алдын алу жұмыстары басталды. Технологиялық нысандарды жөндеу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. АМӨЗ-дегі құрылғылар мұнайды екі кезеңдік жүйе бойынша өңдейді. Яғни бірінен кейін бірі тоқтатылып, іске қосылады. Сондықтан нысандар жұмысын толық тоқтатпайды. Жөндеу кезінде зауыт 50-70%-ға тең қуатпен мақсатты өнім шығаруды және жөнелтуді жалғастырады», -деп хабарлады қоғаммен байланыс бөлімі.

Мәселен, қазан, қараша айларында 692 мың тонна мұнай өңдеу жоспарланған. Мұнай өңдеудің орташа тәуліктік көрсеткіші 11 347 тоннаны құрайды. Бұл – зауыттың жобалық қуаттылығының 68%. Ал, мұнай өнімдерін шығарудың орташа тәуліктік көрсеткіші 2 400 тонна автобензин, 2 600 тонна дизельді отын, 240 тонна реактивті отын және 170 тонна сұйытылған газды құрамақ.

«Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы «Азаматтық қорғау туралы» заң талаптарына сәйкес технологиялық, электркүшті, компрессорлық және динамикалық жабдықтарды қауіпсіз әрі сенімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін қондырғылардың жобалық көрсеткіштеріне қол жеткізу, экологиялық параметрлерді жақсарту және автоматтандыру құралдарын қайта қарау мақсатында жасалады. Жоспарлы жөндеу кезінде қондырғыларда катализаторларды ауыстыру, ішкі инспекция, реакторлық, ыдыстық, колонналық, жылу алмасу жабдығы мен құбыр жолдарын тексеру және куәландыру жүргізіледі. Зауытты тұрақты жұмыс режиміне шығару кезең-кезеңмен, қарашаның екінші онкүндігіне дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр», -деп мәлім етті зауыттың қоғаммен байланыс бөлімінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау мұнай өңдеу зауытында электр қуаты сөніп, қондырғылар тоқтатылғанын жазған едік.


Фото: m.azh.kz



Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar