Атырау мұнай өңдеу зауытында қондырғы жұмысы екі күнге тоқтайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау мұнай өңдеу зауытында қондырғы жұмысы екі күнге тоқтайды. Бұған жөндеу жүргізу себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау МӨЗ» ЖШС-нің қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, 16-17 маусымда сутегіні тазарту қондырғының жұмысы тоқтатылады.

«Жөндеу жұмыстары құрамында сутегі бар газды (СГ) тазалауға арналған адсорберге жүргізіледі. Қондырғы тоқтатылған кезеңде құрамында сутегі бар газ одан әрі өртеу үшін технологиялық қондырғылардан газдарды қауіпсіз шығаруды қамтамасыз ететін алау жүйесіне жіберілетін болады. Алаудың жану шүмегіне ауа беру арқылы бағанадан шығарылатын технологиялық газдың толықтай жануын, көмірсутектердің бейтараптандырылуы мен буға толық конверсиялануын қамтамасыз етеді. Демек, толық жану нәтижесінде алауда құрамында сутегі бар газдан улы газ (СО) түзілмейді», -деп хабарлады зауыттың қоғаммен байланыс бөлімі.

Қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, алау бағаналары желдің күші мен бағытына қарамастан жану өнімдерінің толық таралуына кепілдік береді. Бұл ретте газдардың шоғырлануы рұқсат етілген нормалардан аспайды. Бұған зауыттың периметрі бойынша орнатылған мониторинг аспаптары дәлел бола алады.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар