Атырау мұнай өңдеу зауытында қоқысты сұрыптау жобасы енгізілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау мұнай өңдеу зауытында қоқысты сұрыптау жобасы енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«АМӨЗ» ЖШС-нің қоғаммен байланыс қызметінің мәліметінше, «Жасыл кеңсе» экологиялық жобасын іске асыру аясында зауыт аумағында 38 арнаулы қоқыс алаңы жабдықталған. Әр алаңла түрлі контейнерлер қойылған. Мәселен, шыныны, қағазды, пластикт пен сұрыпталмайтын қалдықтарды бөлек жинауға арналған бір кубтық 4 ыдыс, құрылыс қоқысына арналған 8 кубтық 1 контейнер орнатылған. Шөп пен бұтақ салатын торлы контейнерлер қарастырылған. Қалдықтарды сұрыптау қоқысты одан әрі өңдеу үшін бөлуге мүмкіндік береді.

«Өндірістік цехтардың әкімшілік-тұрмыстық корпустарында үш секциялы 57 эко-ыдыс, ал жыл соңына дейін тағы 39 данасы кеңсе ішінде орнатылатын болады. Жаңа ыдыстарды пайдалану тәсілі оңай. Өйткені, контейнерлер қалдықтың түріне жәшіктер әр түске боялған. Мәселен, қағаз салатын ыдыстың түсі – көк, пластикке – сары, шыныға – қызыл, сұрыпталмайтын қалдықтарға арналған ыдыс сұр түске боялған. Әр ыдыста қалдықтарды сұрыптау ережелері мен шектеулер туралы толық ақпарат бар» деп хабарлады кәсіпорынның қоғаммен байланыс қызметі.

​Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау, сондай-ақ, зауыт аумағынан шығару үшін мердігер таңдалған. Сұрыпталмаған қалдықтар «Спецавтобаза» ЖШС-нің қоқыс полигонына, ал, сұрыпталатын қоқыс арнаулы кәсіпорындарға өңдеуге жіберіледі.

​«АМӨЗ» ЖШС аталған экологиялық жобаны енгізіп, мұнайлы өлкедегі қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлесін қосып отыр. Зауытта «Жасыл кеңседен» басқа ҚР Экологиялық Кодексі аясында бірқатар іс-шара жүзеге асырылуда. Оның ішінде «Tazalyq» жобасы да бар. Бұл жобаға сәйкес, механикалық және биологиялық тазарту құрылыстарын қайта жаңарту, булану алаңдарын рекультивациялау жүргізіледі» деп мәлім етті кәсіпорынның қоғаммен байланыс қызметінен.

Соңғы жаңалықтар