Атырау мұнай өңдеу зауытында электр қуаты сөніп, қондырғылар тоқтатылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау мұнай өңдеу зауытында электр энергиясы сөніп, соның салдарынан алау жанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау мұнай өңдеу зауыты қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, алаудың жануына электр энегриясының өшуі себеп болған.

«KEGOC» АҚ электр қуатын жоспардан тыс тоқтатып тастады. Соның салдарынан Атырау мұнай өңдеу зауытында электр қуаты болмады. Осыған байланысты зауыт жұмысы авариялық жағдайда тоқтатылды. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін сыртқы электрмен жабдықтау жүйесі толық тұрақтанғанша, зауыттың отын желісі технологиялық регламентке сәйкес алау жүйесіне бағытталады. «KEGOC» АҚ-ның электр беруді тоқтатуы жоспардан тыс болып отыр. Бұл өндірістің жұмысына кері әсер етеді», - деп ақпарат таратты зауыттың қоғаммен байланыс бөлімі.

Бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауыты ластаушы заттарды ауаға нормадан көп шығарғанын хабарлаған едік .

Биылғы 27 сәуір – 26 мамыр аралығында «АМӨЗ» ЖШС-ға тексеру жүргізілді. Сол кезде стационар көздерінен, өнеркәсіптік шығарындылардан, сондай-ақ химиялық талдау мақсатында «Тухлая балка» булану алаңына ағызылатын сарқынды судан сынама алынды. Тексеру қорытындысымен «АМӨЗ» ЖШС-нің жылу электр орталығында орналасқан №3 қазаннан көмірқышқыл газы, ал №4 қазаннан азот оксиді мен азот диоксидінің шекті рұқсат берілген нормадан асу фактісі анықталды.


Соңғы жаңалықтар