Атырау мұнай өңдеу зауытында авиаотынның жаңа түрі өндіріле бастады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау мұнай өңдеу зауытында РТ маркалы әуе отыны өндіріле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«РТ маркалы әуе отынының алғашқы партиясы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-да жасалды. Осылайша ТС-1 маркалы әуе отынын өндіру ісі аяқталған соң қазан айынан бастап Атырау мұнай өңдеу зауыты толықтай жаңа өнімді шығаруға кіріседі. Қазіргі уақытта АМӨЗ РТ маркалы әуе отыны тауардың сәйкес ПИН-кодын алып, құжаттандыру мен сертификаттаудан өтті. Сәйкесінше, аталмыш отынды әуе компаниялары сатып алып, әуе көліктеріне құя алады», - деді «АМӨЗ» ЖШС баспасөз қызметіндегілер.

Азаматтық және әскери авиацияға арналған әуе отынын шығару ісі жаңғырту жобасы аясында АМӨЗ ашық түсті мұнай өнімдерінің топтамасын кеңейту аясында басталды.

Реактивті отынды өндіру ісі жаңғыртуға дейін 21 мың тоннадан 2019 жылы бір жылда 230 мың тоннаға дейін өседі.

Соңғы жаңалықтар