USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Атырау мұнай өңдеу зауытына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі

2020 жылғы 19 қазан 02:46
Бөлісіңіз:
Атырау мұнай өңдеу зауытына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау мұнай өңдеу зауытына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
2022 жылы елімізде 280 млн түп ағаш отырғызылады Елімізде орман қоры мен ағаш отырғызуды қадағалауға арналған мобильді қосымша әзірленді Биыл елімізде 12 млрд теңгеге 130 млн ағаш отырғызылды – министрлік

17 қазанда Facebook-те «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС тарапынан шығып жатқан түтінге байланысты видео тараған еді.

«Аталған дерекке қатысты Атырау облысының Экология департаменті қызметкерлері сол күні оқиға орнына барып, кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағының шекарасында ауа сынамасын алды. Зертханалық талдау нәтижесіне сәйкес, күкіртсутегі, азот оксиді, азот диоксиді, көміртегі оксиді және көмірсутек мөлшері шекті рұқсат етілген концентрациядан асқан жоқ. Сонымен қатар, департаментпен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеруді бастау туралы жұмыс жүргізілуде. Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланады»,- деп хабарлады Экология департаментінің баспасөз қызметі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT