Атырау мұнай өңдеу зауытына бас директор тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бұл жайында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі бойынша «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры қызметіне Мұрат Әбиұлы Досмұратов тағайындалды.

«Атырау МӨЗ» ЖШС жаңа басшысын кәсіпорын ұжымына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының мұнай және мұнай химиясын өңдеу жөніндегі орынбасары Арман Қайырденов таныстырды.


Фото: kmg.kz


Соңғы жаңалықтар