Атырау мұнай өңдеу зауыты зиянды қалдықты табиғатқа тастаған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС ағын су шығарындылары нүктесінде құрамында мұнай өнімдері көп қалдық тасталғаны анықталды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау облыстық экология департаменті жергілікті қоғам өкілдерімен бірге Атырау қаласының қоршаған орта жағдайына мониторинг жүргізді. Тексеру барысында «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС ағын су шығарындылары нүктесінде құрамында мұнай өнімдері көп қалдық тасталғаны анықталды» делінген хабарламада.

Жылдам әрекет ету мақсатында облыстық экология департаментінің зертхана-сараптама бөлімі қалдықтардан сынама алды. Алынған сынама әрі қарай анализ жүргізуге жіберілген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау мұнай өңдеу зауытының биологиялық тазарту құрылғысынан ақау шыққанын хабарлап едік.


Соңғы жаңалықтар