+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Атырау мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерінің 90 пайызы вакцина салдырды

2021 жылғы 22 қыркүйек 19:53
Бөлісіңіз:
Атырау мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерінің 90 пайызы вакцина салдырды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерінің 90 пайызы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда заңсыз айналымнан 4 мыңнан астам психотроптық дәрі алынды Атырау облысында вакцинаның екі компонентін 230 мыңнан астам адам алды Өткен тәулікте 112 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан

Кәсіпорынның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, Атырау мұнай өңдеу зауытының 1 443 қызметкері вакциналардың І компонентін салдырған.

«Бұл – зауыт қызметкерлерінің 90%-ын құрайды. Вакциналардың ІІ компонентін 1 107 қызметкер ектірді. Қызметкерлерді жаппай вакциналау ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде өндірістік бағдарламаның уақтылы орындалуын қамтамасыз етіп отырмыз» - дейді зауыттың қызметкерлерді басқару және еңбекақы төлеу департаментінің директоры Серік Арыстан.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында екі күнде 1 264 адам вакцина салдырғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT