Атырау мұнай өңдеу зауыты авиаотынды 26,7 мың тоннаға артық өндірген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау мұнай өңдеу зауытында 8 айда 3,5 млн мұнай өңделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зауыттың қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, биылғы 8 айда өңделген мұнай былтырғы осы кезеңдегіден 265 тоннаға артқан.

«Атырау мұнай өңдеу зауытында 2010-2017 жылдары ауқымды қайта жаңғырту жүргізілген еді. Қайта жаңғыртудың нәтижесінде сапалы мұнай өнімдерін шығару көлемі ұлғайды. Мәселен, биылғы 8 айда өңделген мұнай көлемі 3 521 026 тоннаны құрады. Бұл, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 265 мың тоннаға артық. Осы кезеңде тауарлы дизель отынын шығару 1 027 123 тоннаға жетіп, былтырғыдан 10,5 мың тоннаға артты.

Ал, тауарлы автожанармай өндіру 835 099 тоннаны құрап, өткен жылғы көрсеткіштен 144 535 тоннаға өсті. Сондай-ақ, РТ маркалы 82 949 тонна тауарлы авиаотын өндірілді. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26 766 тоннаға көп», - деп хабарлады Атырау мұнай өңдеу зауытының қоғаммен байланыс бөлімінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын жанармай тапшылығына байланысты Атырау мұнай өңдеу зауыты дизель өндіруге кіріскенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар