Атырау мұнай өңдеу зауыты 1 млн 198 мың тонна бензин өндірді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау мұнай өңдеу зауытында былтыр 1 млн 198 мың тонна бензин өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зауытта былтыр 5 млн 388 мың тонна мұнай өңделді. Бензин мен дизель өндірісінің көлемі К4 және К5 экологиялық класына сәйкес келеді. Еуропа елдеріне К5 экологиялық класына жататын Аи-92 бензинін экспорттау басталды. Мұнайхимия өнімдерінің көлемі өсті», - деп хабарлады зауыттың баспасөз қызметінен.
Сонымен бірге, Атырау мұнай өңдеу зауыты ішкі нарықты -38 градус аязға қатпайтын Khazar дизельді отынымен қамтуды қолға алды.


Соңғы жаңалықтар