Атырау МӨЗ жыл соңына дейін 240 мың тонна дизель отынын өндірмек

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау мұнай өңдеу зауыты қысқы дизель отынын өндіруге кіріспек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017 жылдың 19 қазанында Атырау мұнай өңдеу зауыты К2 және К3 экологиялық санатындағы қысқы жағармай маркаларын өндіруді бастайды. Аталмыш отын түрлерінің Кеден Одағының кедендік регламенттері бойынша шекті температуралық фильтрленуі минус 15С, ал 26 қазаннан бастап, фильтрлендірудің шекті температурасы минус 25С-ге дейін жеткізілетін болады. Бұл отын түрінде түрлі қоспалар өте аз болады, осыған қарай ол сақталуы кезінде өзінің отын ретіндегі қасиеттерін жоғалтпайды. Ал тозуға қарсы енгізілетін қоспалар оның пайдалану ерекшеліктеріне оң ықпал етеді»,-деп түсіндірді АМӨЗ-ның қоғаммен байланыс бөлімінің өкілдері.

Кәсіпорынның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл соңына дейін 240 мың тонна қысқы дизель отыны дайындау жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар