Атырау МӨЗ биыл 3,5 млн тонна мұнай өңдеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау мұнай өңдеу зауыты сегіз айдың ішінде 3 миллион 502 мың 907 тонна мұнай өңдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Энергетика министрлігінің жоспары 100% орындалды. Тек тамыз айында ғана 457 936 тонна шикі мұнай өңделді. Жалпы өңделген шикізаттағы ашық түсті мұнай өнімдерінің үлесі тамыз айындағы жоспар бойынша 70,1% болуы керек болса, нақты өнім 70,7% жетті. Яғни 8 айлық жоспар 100% жүзеге асырылды», - деп хабарлады Атырау МӨЗ.

Еске сала кетсек, былтыр Атырау мұнай өңдеу зауыты жыл бойынша 4,7 млн тонна мұнай өңдеген болатын. 

Соңғы жаңалықтар