Атырау мен Чехияның сауда айналымы 12,8 млн долларды құрады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысы мен Чех Республикасының сауда айналымы 12,8 млн долларды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Чех Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Рудолф Гиклдің кездесуі кезінде белгілі болды.

«Атырау облысы экономикаға шетел инвестициясын тартуға, бірлескен кәсіпорындар құруға дайын. Шетелдік инвесторларға барлық қолайлы жағдай жасалып отыр. Мұнайлы өңірдің Чех Республикасымен экономикалық байланысы қарқынды дамып келе жатыр.

Мәселен, биылғы 10 айда облыстың аталған елмен сауда айналымы 12,8 млн АҚШ долларын құрады», -деді Махамбет Досмұхамбетов.

Әкімінің айтуынша, өнеркәсібі қарқынды дамыған Чехиямен екіжақты қарым-қатынасты дамытудың мүмкіндігі зор. Осы орайда чех инвесторлары Атырау облысындағы «Ұлттық индустриалдық мұнайхимия технопаркі» еркін экономикалық аймағында бірлескен

жобаларды іске асыруына болады.

Чех Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елші Рудолф Гиклдің сөзіне қарағанда, чехиялық бизнес өкілдері облыстың бірқатар саласына инфестиция салуға қызығушылық танытып отыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда түркиялық инвестор күкірт бетонитін өндіруі мүмкін екенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар