Атырау мектептерінде зейнеттегі 253 мұғалім жұмыс істеген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау мектептерінде зейнеттегі 253 мұғалім жұмыс істеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенованың мәліметінше, зейнеттегі мұғалімдер келісімшартпен жұмыс істеген.

«Маңғыстау, Алматы және Түркістан облыстары секілді Атырау өңірінде де мұғалімдер тапшылығы бар. Әсіресе, Атырау және Құлсары қалаларында ұстаздардың жетіспеушілігі өзекті мәселеге айналып отыр.

«Бұл мәселені шешу мақсатында келесі оқу жылына 651 маманға сұраныс берілді. Оның ішінде орыс сыныптарына физика, математика, химия, бастауыш сыныптардың, ал, қазақ сыныптарына орыс тілі мен әдебиеті пәнінің, бастауыш сыныптардың мұғалімдері қажет. Мұғалімдер жетіспеушілігін уақытша шешу үшін зейнет жасындағы педагогтер оқу процесінен алыстамауға мәжбүр», - дейді Айнагүл Дүйсекенова.

Оның айтуынша, Атырау мен Құлсары қаласына басқа өңірлерден жұмыс істеуге келетін мұғалімдерге арнайы қаржылай көмек көрсетіледі. Атырау облысының басқа аудандарында тұратын педагогтер де аталған екі қаланың бірінде жұмыс істеуге ниет білдірсе, конкурстық талаптарға сай жұмысқа орналаса алады. Оларға да қаржылай қолдау көрсетілмек.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында Алтын белгі үміткерлерінің саны 40% артқанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар