Атырау мектептерінде әр сыныпта 15 балаға сабақ өткізуге рұқсат берілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында мектептерде 15 балаға сабақ өткізуге рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстық бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың бүгінгі жаңа қаулысында айтылған.

«Дәстүрлі форматтағы контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін, жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін қоса алғанда ата-аналардың өтініші бойынша 15 баладан аспайтын сыныптардың жинақталуын сақтай отырып, оқытуға рұқсат етілсін» делінген құжатта.

Сондай-ақ, білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімімен сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға, бітіруші сыныптар үшін (9, 11 (12) сыныптар) аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға, соның ішінде пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтан оқытуға рұқсат беріліп отыр.

Ал, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының (колледждер) І курс студенттері мен жоғары оқу орындарының І курс студенттерін штаттық режимде оқытуға рұқсат етуге шешім қабылданды.

Аталған қаулы 1 ақпанда сағат 00:00-де күшіне енеді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда көпшілік іс-шараны өткізуге тыйым салынғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар