Атырау мектебіне жазушы Әбіш Кекілбайұлының есімі берілді

None
Фото: wikipedia.org
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласындағы №41 орта мектепке мемлекет қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлының есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мектепте Әбіш Кекілбайұлының есімі берілуіне орай арнайы іс-шара өтті.

Оған ұстаздар мен оқушылар, қала әкімдігі, білім беру, мәдениет басқармасының қызметкерлері, тіл жанашырлары мен ата-аналар қатысты.

Аталған мектеп мұнайлы шаһардағы «Самал» шағынауданында орналасқан.

Қазір білім ордасында 800-ден астам оқушы білім алады. Алдағы оқу жылында мектепте «Әбіштану оқулары» бағытымен қосымша сабақ жүргізу көзделген.


«Әбіш Кекілбаев – қазақтың рухын көтерген, мақтанышы болған жазушы. Әрі үлкен саяси додада кең жүрегімен, дархан мінезімен сөздің қадірін, қасиетін білетін сөз майталманы. Оны ұлттық рухымыздың көтерілуіне ерекше әсер еткен тарихи тұлғамыз деп білеміз. Өйткені, ол ел тәуелсіздігінің нығаюына, мемлекеттің қалыптасуына, халықты бірлікке ұйытуға саяси қайраткер көп іс атқарды. Осы мектепте оқитын оқушылар Әбіш атамыздай мемлекетіне адал қызмет ететін қоғамның белсенді азаматтары болып өсетініне сенемін», -деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.


Еске сала кетелік, бұдан бұрын «Адай» күйін күмбірлеткен астрахандықтар Атырау облысына челлендж жолдағанын хабарлаған едік.

Кейін Дина оркестрінің ұжымы астрахандықтар челленджін БҚО-дағы әріптестеріне бағыттады.


«Мерейтой аясында ұлы күйші, композитор бабамыздың мәңгілік мекен тапқан орны – Ресей Федерациясының Алтынжар ауылында орналасқан Құрманғазы өңірлік мәдени орталығынан Атырау облысына челлендж жолданған еді. Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптары оркестрі осы челленджді қабылдап, Батыс Қазақстан облысының Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестріне жолдады», - дейді оркестр директоры Бақытбек Сартбаев.


Соңғы жаңалықтар