Атырау маңында жол апатынан үш адам қаза тапты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау маңында жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдің Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қазіргі таңда адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Жол апаты жексенбі күні кешкісін Атырау маңында Астраханмен байланыстыратын тасжолда болған. Lada ВАЗ-2114 және DAW жүк көлігі соқтығысқан. Оқиға орнында 1978, 1981 және 1998 жылғы ер адам мен екі әйел қаза тапты. «ВАЗ-2114» жүргізушісі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Автор: А. Соколов


Соңғы жаңалықтар