Атырау маңында қамыс өртеніп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудан бірнеше км қашықтықта қамыс өртенді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«5 гектар аумақтар қамыс өртеніп жатыр. Өртті сөндіруге 45 адам тартылды, 30 адам облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен, ал 15 адам «Ақжайық» табиғи резерватының жұмыскерлері. Өрт аумағында 13 техника жұмыс істеп жатыр»,-деп хабарлады өңірдің Төтенше жағдайлар дапартаменті.

Сондай-ақ департамент өкілдері өрт сөндірушілердің басты міндеті өртті ауыздықтап, оның табиғи резерват аумағына тарауына жол бермеу болып отырғандығын айтты.



Авторы. А. Соколов

Соңғы жаңалықтар