Атырау маңында байқалған құйынға ұқсайтын түтін желіде қызу талқыланып жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласы маңындағы Каспий жағалауында екі жерден қамыс өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Бүгін тәуліктің екінші жартысында Атырау тұрғындары әдетте кездесе бермейтін ерекше оқиғаның куәсі болды. Қала маңында құйынға және саңырауқұлақтың бейнесіне ұқсас будақтаған түтін аспанға көтерілді.

Осы көріністің бейнетүсірілімі сол сәтте әлеуметтік желідегі қызу талқыға түскен оқиғалардың бірі болды. Артынан тап осындай түтін қаланың екнші бетінен көрінді.



Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Каспий теңізінің жағалауында екі жерден қамыс өртенген. Өртенген аумақтың ауқымы әзірге белгісіз.

Осыған дейін Атырауда Қиғаш пен Жайық өзендерінің түбі тереңдетіліп жатқандығын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар