Атырау: Қызылқоға ауданында су басуы мүмкін ауылдарға әуеден барлау жүргізілді

None
Видеодан алынған кадр
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы тасқын су басуы мүмкін ауылдарға әуеден барлау жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, 13 наурызда Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Жаңабаев, Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов бар топ Қызылқоға ауданындағы тасқын су қаупі төнуі ммүкін ауылдарға әуеден аэровизуалды шолу жасаған.

«Әуеден шолу жүргізуге «Қазавиақұтқару» АҚ-ның «Еврокоптер 145 UP-EC033» тікұшағы тартылды. Шолу кезінде Қызылқоға ауданындағы Миялы, Сағыз ауылдарымен бірге Ақтөбе облысындағы су басу қаупі бар аумақтар да қамтылды. Аталған маңындағы көктемгі тасқын су келетін өзендердің қазіргі жай-күйі зерттелді» -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Қазір Қызылқоға ауданындағы Миялы және Жангелдин ауылдарының көшелерінен 36 мың текше метр еріген қар суы сорылған. Ал, Сағыз ауылының ортасымен өтетін Ноғайты өзенінің жағалауы мен елді мекендерді тасқын су қаупінен қорғау үшін құм салынған 7 мың қап, 800 тонна топырақ төселген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрынҚызылқоға ауданында әлі де екі ауылдың көшелерін су басып жатқанын жазған болатынбыз.

Кейін Атырау облысында жол жырылып, көлік қатынасы тоқтағанын хабарлаған едік.

ЖолАтырау облысында жол учаскесі жырылғаннан кейін тасқын су деңгейі төмендеді.



Соңғы жаңалықтар