Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.87 EUR 422.40
RUB 5.87 CNY 54.85
Jańalyqtar

Атырау көшелерінен 7 мың текше метр су сорылды

2019 жылғы 19 сәуір 01:37 658
Бөлісіңіз:
Атырау көшелерінен 7 мың текше метр су сорылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау көшелерінде су сору бойынша 45 вакуум машинасы үздіксіз жұмыс жасауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО мен Алматы облысындағы тау өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін ҚР ҚК жанындағы Сарапшылық кеңес отырысында су тасқыны қаупін азайту мәселесі талқыланды

Айта кетерлігі, 18 сәуірге қараған түні жаңбыр жауып, артынша қарға ұласқан. Қазіргі уақытта қаладағы коммуналдық қызмет жаңбыр мен қардың салдарын жоюда. Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаев пен Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттұмұратұлы жаңбыр мен қар салдарын жою жөніндегі жедел штабтың жұмысымен танысты.

Қазіргі уақытта қала көшелерін сору мен қарды жинау үшін арнайы 45 вакуум машинасы жұмыс істеуде. Сонымен қатар 8 жүк көлігі, 6 трактор, «Арнаулы авто база» ЖШС-ның 290 қызметкері тартылды. Екі күн бойы қала көшелерінен 7 мың текше метр су сорғызылды.

«20 вакуумдық арнайы техниканы ұсынған қаланың жеке кәсіпкерлері үлкен көмек көрсетті. Қазір суды жинау үшін жеке кәсіпкерлерге тиесілі тағы 10 осындай техника бойынша келіссөз жүргізілуде. Бүгінгі таңда қалада 5-6 су басқан шағын аудан бар, онда біз балабақшалар мен мектептердің, сондай-ақ жеке меншік үйлердің маңайына баса назар аудардық», - деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары, жаңбыр мен қардың салдарын жою жөніндегі жедел штабтың басшысы Шәкір Кейкин.

Атырау қаласындағы бірқатар аудандарда электр қуаты үзіліп қалды. Бүгінгі күні апатты жоюмен айналысатын «Атырау Жарық» АҚ-ның 25 бригадасы трансформаторлық стансаларда жұмыс істеуде.

«Апатты мүмкіндігінше қысқа мерзімде жою қажет, ал кешке дейін қала тұрғындары мен ауылдық округтердің тұрғындарына жарық берілуі керек, тұрғындар ұзақ уақыт бойы электр қуатынсыз отырмауы тиіс, себебі түнде ауа температурасы төмендейді деп күтілуде», - деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаев.

Ауа райының қолайсыздығына және жылыту маусымының аяқталуына байланысты, 18 сәуірде барлық мектептерде сабақ тоқтатылды. Түнде жеке меншік үйлердің тұрғындарынан су сорылу керектігі туралы көптеген өтініш келіп түсті. Атырау қаласының әкімі білім беру мекемелері мен жеке меншік үй тұрғындарының жағдайымен танысты және қоластындағыларға бірқатар тапсырмалар берді.

«Әлеуметтік нысандардың, мектептердің және балабақшалардың аумағы оқушыларға кедергісіз мектепке баруды толығымен қамтамасыз ету қажет. Алдымен жеке меншік үйлердің алдарындағы суды сору қажет, үйлерін су баспауы үшін»,- деді Әлимұхаммед Құттұмұратұлы комуналдық қызметкерлерге тапсырма бере отырып.

Айта кетейік, Атырау қаласының тұрғындары Телеграм желісіндегі Атырау облысының әкімдігі парақшасныда су басқан мекен-жайлар жөнінде хабарлай алады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Су тасқыны, Атырау облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT