«Атырау» кәсіпкерлік корпорациясы 3 жыл бойы шығынға батуда

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ үш жыл бойы шығынға батқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Есқали Саламатовтың мәліметінше, «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қызметінің 2019 жылы шығыны 718 млн 265 мың теңгені, 2020 жылы 779 млн 891 мың теңгені, 2021 жылы 1 млрд 55 млн 586 мың теңгені құраған.

«Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, тәуекелі жоғары жобаларға қаражат салынып, нәтижесінде ақшаны жоғалтқан. Екіншіден, салынған қаражатты қайтарудың әлсіз кепілдіктері бар сапалы емес шарттар әсер еткен. Үшіншіден, өнімділігі төмен жекелеген департаменттердің штат санының көптігі, сондай-ақ функциялардың қайталануы да ықпал етіп отыр. Төртіншіден, кадрларды іріктеуде ашықтықтың болмауы мен тәртіптік жаза қолданылған кезде оларға сыйақы беру, функционалдық міндеттер жүктелмеген лауазымдардың болуы, мәселен, төрағаның кеңесшісі секілді себептер бөлінген шығынға батырады. Кез-келген адам жылқыны немесе сиырды ұрласа түрмеге қамалады. Ал, мұнда жүздеген миллион теңгенің шығыны бар. Бірақ, бұл үшін ешкім жауап бермейді. Барлығы тиімсіз басқаруға сілтеме жасайды. Бұл дұрыс емес», -дейді департамент басшысының бірінші орынбасары Есқали Саламатов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау мұнай өңдеу зауытына 5 млн теңге айыппұл салынғанын жазған едік.



Соңғы жаңалықтар