Атырау қаласының сол жағалауына газ беру тоқтатылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Жайықтың сол жағалауына газ беру екі күнге тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жөндеу жұмыстарына байланысты газбен жабдықтау уақытша тоқтатылған.

«Атырау қаласында диаметрі 325 мм болатын жоғары қысымды газ құбырына профилактикалық-жоспарлы жөндеу жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты бүгін, 27 қыркүйекте қаланың сол жағалау бөлігінде Элеваторный аумағынан Дамбы ауылына

дейін, нақтылай айтқанда, «Вокзал маңы», «СМП», «Тұрғын үй қалашығы» мен «Балықшы» шағын аудандарындағы тұтынушыларды газбен жабдықтау уақытша тоқтатылды. Жөндеу жұмыстары ертең, 28 қыркүйекте де жалғасады», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жоғары қысымды газ құбырын жөндеу жұмыстарына «ИнтергазОрталықАзия» және «КазТрансГазАймақ» АҚ-ның қызметкерлері жұмылдырылған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау қаласының сол жағалауына газ беру уақытша

тоқтатылатынын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар