Атырау қаласының орталығында автомобиль аударылып қалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласының орталығында жол апатынан 4 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Сәтбаев даңғылы мен Владимир көшесінің қиылысында болған. Бір-біріне соғылған екі көліктің бірі аударылып кеткен.

«Төрт адам зардап шекті. Оқиға орнына жедел жәрдем уақытында жіберілді. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді. Зардап шегушілер ауруханаға жатудан бас тартты. Бірақ оларға ескерту парақтары берілді, қажет болған жағдайда көмек сұрай алады», - деді қалалық жедел-жәрдем стансасының бас дәрігері Гүлнәфис Таңбаева.

Атырау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі бұл туралы мәліметті кейінірек жариялауға уәде берді. 

Соңғы жаңалықтар