Атырау қаласының көшесінде түлкі жүр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласының көшесінде түлкі жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін әлеуметтік желі мен WhatsApp мессенджерінде көшеде жүрген түлкі туралы видео тарады. Видео Атырау қаласындағы сауда үйінің алдында түсірілген.

Облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының бас аңшысы Александр Ивасенконың айтуынша, түлкі секілді жабайы аң қозғалысы көп қалаға кірмейді.


«Түлкі оба секілді қауіпті инфекциялық ауруларды тарататын аңға жатады. Сондықтан, мұндай жабайы аңнан сақ болу керек», -дейді Александр Ивасенко.

Ал, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Мереке Шалхаровтың пікірінше, бұл қолда ұсталған аң болуы мүмкін.

«Дүкеннің есігіне кіргісі келген әрекетіне қарағанда, жылы жер іздеген секілді. Далада жүрген аңға ұқсамайды. Атырауда экзотикалық жабайы жануарларды үйде ұстауды жақсы көретіндер бар деп естідім. Ал, құтыру ауруына шалдықты ма, жоқ па, оны тек зертханалық талдау арқылы анықтауға болады», - дейді ол.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық әуесқой балықшылар жыланға ұқсас балық ұстағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар