+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Атырау қаласының ауасы неден ластанғандығы белгілі болды

2020 жылғы 15 шілде 08:50
Бөлісіңіз:
Атырау қаласының ауасы неден ластанғандығы белгілі болды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда ауадағы күкіртсутегі концентрациясының шектен тыс артуына кінәлілер белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ертіс өзенінің алқабына ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілуі мүмкін Атырауда науқастарға баллон тасыған спортшылар ауруханадағы жұмысын аяқтады Жаркенттегі жағымсыз иістің неден шыққанын анықтау үшін арнайы комиссия жолға шықты

«Атыраудағы ауаның ластануы және күкіртсутегінің иісі туралы көпшіліктің шағымы негізінен «Су Арнасы» компаниясының қаладағы тазартылмаған суларды ағызуымен, сондай-ақ Атырау мұнай өңдеу зауытының (МӨЗ) қалдықтарымен байланысты.

Экология министрлігі қабылдаған шаралардан кейін сот арқылы «Су Арнасы» қызметі тоқтатылды, Атырау МӨЗ жоспарлы жөндеуге кірісті. Қалада ауаны ластау мәселесін Атырау әкімдігінің тазарту нысандарын салу жөніндегі миллиардаған қаржы тұратын жобасын жүзеге асыру арқылы шешу керек, дегенмен ол кешеуілдеуде», - деп хабарлады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасов.

Оның айтуынша, Экология министрлігі ағын суларға жауап беретін компанияларды, соның ішінде Атырау МӨЗ-ін тексеруді бастайды. Жергілікті әкімдік «ҚазМұнайГазбен» бірлесіп, арнайы келісімге сәйкес, қалада лас су жиналуы салдарынан күкіртсутегі булары пайда болатын орынды қалпына келтіруді де қолға алуы керек.

Автор: Виктор Сутягин


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT