Атырау қаласының әкімі тұрғындармен жеке қабылдау өткізеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы тұрғындармен жеке қабылдау жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2019 жылғы 21 қараша күні сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін, 14.30-дан 18.00-ге дейін қала әкімдігі ғимаратында республика бойынша «Бірыңғай (ұлттық) азаматтарды қабылдау күніне орай Атырау қаласының әкімі А.Құттұмұратұлымен және ауылдық округ әкімдерімен тұрғындарды жеке қабылдау жүргізіледі. Қабылдауға тіркеу 2019 жылдың 15 қарашасы мен 20 қараша күндері аралығында жүргізіледі», - делінген әкімдік хабарламасында.

Қабылдауға алдын ала жазылу қала әкімі аппаратында №104 қызметтік кабинетте (1 қабат) және 27-10-30 телефоны арқылы жүргізіледі.

Еркін қала ауылдық округінде қабылдауға алдын ала жазылу округ әкімінің қабылдау бөлмесінде және 23-30-45 телефоны арқылы жүргізіледі.

Дамбы ауылдық округінде қабылдауға алдын ала жазылу округ әкімінің қабылдау бөлмесінде және 25-71-71 телефоны арқылы жүргізіледі.

Атырау ауылдық округінде қабылдауға алдын ала жазылу округ әкімінің қабылдау бөлмесінде және 24-72-50 телефоны арқылы жүргізіледі.

Кеңөзек ауылдық округінде қабылдауға алдын ала жазылу округ әкімінің қабылдау бөлмесінде және 51-82-97 телефоны арқылы жүргізіледі.

Қайыршақты ауылдық округінде қабылдауға алдын ала жазылу округ әкімінің қабылдау бөлмесінде және 39-11-85 телефоны арқылы жүргізіледі.

Ақсай ауылдық округінде қабылдауға алдын ала округ әкімінің қабылдау бөлмесінде және 39-80-01 телефоны арқылы жүргізіледі.
Соңғы жаңалықтар