Атырау қаласының әкімі азық-түлік бағасын бақылауға алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев азық-түлік бағасының бақылауға алынатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бұдан былай тұрғындар бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік бағасының өскеніне куә болса, әкімдіктің жауапты мамандарына жазбаша шағым қалдыра алады.

«Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі азық-түлік бағасының негізсіз өспеуін қадағалайды. Бүгінде әлеуметтік маңызы бар 9 түрлі азық-түлік өніміне шекті баға белгіленді. Сондай азық-түліктердің қатарына бірінші сортты бидай ұны, бөлке нан, өлшенген макарон, қарақұмық жармасы, күріш, сиырдың төс еті, тауық жұмыртқасы, күнбағыс майы мен ас тұзы кіреді. Қазіргідей жағдайда кәсіпкерлердің аталған азық-түліктердің бағасын көтеруге құқығы жоқ. Егер олар бағаны шекті деңгейден асырса, жауапты мамандар тексеріс жүргізіп, тиісті шара қабылдайтын болады, - деді Қайрат Оразбаев.


Соңғы жаңалықтар