Атырау қаласында жылу тарифі төмендеді

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласының тұрғындары үшін жылу тарифі төмендеді,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің

мәліметіне сүйенсек, «Табиғи монополиялар туралы» заңының 22-бабының 1-тармағының

1) және 5) тармақшаларына сәйкес (Стратегиялық тауарлар құнының және (немесе)

мемлекеттік реттеуге жататын стратегиялық тауарларды тасымалдауға тарифтердің

(бағалардың) өзгеруіне және көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюына байланысты)

«Атырау жылу-электр орталығы» АҚ-ның жылу энергиясын өндіру және жабдықтау

қызметтеріне арналған тарифтері қайта қаралып отыр.

«Соның нәтижесінде департаменттің бұйрығымен жоғарыда көрсетілген қызметтерге

тұрғындар үшін тарифтер мынадай мөлшерде төмендетілді. Осылайша, ЖҮА бар

тұрғындар үшін 4 548,74 теңге/Гкал қосымша құн салығынсыз (қолданыстағы тариф

4608,61-ден 4548,74 теңге/Гкал-ға немесе 0,60%-ға төмендетумен), ЖҮА жоқ тұрғындар

үшін 5 703,62 теңге/Гкал қосымша құн салығынсыз (қолданыстағы тариф 5799,45-тен

5703,62 теңге/Гкал-ға немесе 1%-ға төмендетумен).

Сондай-ақ, ескі, авариялық үй- жайларда, барак үлгісіндегі үйлерде тұратын тұрғындар үшін 4 741,02 теңге/Гкал (қолданыстағы тариф 4832,88-ден 4741,02 теңге/Гкал-ға 1%-ға төмендетумен)», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Төмендетілген тарифтер 2022 жылғы 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында газ бағасы 38,9 пайызға арзандағанын

жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар