Атырау қаласында жол белгілері жаңартылып жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында 2019 жылдың соңына дейін 8426 жол белгісі жаңартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бөлінген қаражатқа қазірдің өзінде 5000-нан астам жол белгілері жаңартылды, бұл - жоспарланған жұмыстардың жартысынан астамы. Сонымен қатар, биыл қала орталығындағы мектептердің алдына жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері орнатылып, арнайы жолақтар сызылады. Жұмыс тек жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ғана емес, сонымен қатар ата-аналардың баласы жайлы азырақ алаңдауы үшін де жасалады. Бұған дейін Атыраудағы 40-тан астам мектептің алдында жаяу жүргіншілер өткелдері салынған », - деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің өкілі Нұрлыбек Бітімбасов.

Жұмыс қала маңындағы ауылдық округтердегі мектептер жанында жалғасын табады. Еске сала кетейік, Атырау полициясы жаңа оқу жылына орай қаланың барлық мектептеріндегі белгілерді жаңартқан болатын.

«Бұған дейін де жол инфрақұрылымы элементтерін жаңарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілген болатын. Бірақ жаңбыр мен қардың әсерінен бірте-бірте жол элементтерінің барлығы жарамсыз болып қалады, не болмаса оларды көру қиынға соғады. Сондықтан жаңа оқу жылынада дәстүрге орай оқу орындарының маңында зебралар мен жол сызықтарын, белгілерді ретке келтіру жұмыстары жүргізіледі. Мектептердің жанындағы өткелдер ғана емес, сонымен қатар балалар мектепке барған кезде жиі жүріп өтетін жолдарға да сызылады. Бұл жолдардың барлығы арнайы қадағаланады. Биылғы жұмыс тамыз айында басталды. Оқу жылы басталғанға дейін полицияның нұсқауына сәйкес саладағы мамандандырылған құрылыс компанияларының бірі мектептердегі жаяу жүргіншілер өткелінде жүзге жуық жол белгілерін орнатқан. Жасанды кедір-бұдырлар да жаңартылды», - деп мәлімдеді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар