+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Атырау қаласында Жайық жағалауы абаттандырылып жатыр

2020 жылғы 24 қыркүйек 08:55
Бөлісіңіз:
Атырау қаласында Жайық жағалауы абаттандырылып жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында Жайық өзенінің жағалауы абаттандырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қоғам белсенділерімен, сондай-ақ, жауапты сала мамандарымен бірге Атырау қаласындағы Жайық өзенінің жағалауын абаттандыру жұмысымен танысты.

Жағалауды абаттандыру Атырау қаласындағы Бейбарыс көшесінде салынған көпірден Жастар саябағына дейінгі аралықты қамтиды. Қаланың Еуропа бөлігіндегі 7,86 гектардағы құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатқан аумақтың жалпы ұзындығы 1861 метрді құрайды.

Қазір жағалаудың жаңа учаскесінде Атырау қаласының көркем символдары, «Шаңырақ» архитектуралық үлгіде жасақталған аумақ, балаларға арналған және денешынықтыру, жүгіру, демалыс алаңдары, орындықтар мен күркелер орналастырылған. Пирс пен жағажай аумағы да абаттандырылады деп күтілуде.


Жағалаудағы құрылысы-монтаж бен абаттандыруға қатысты бірқатар сын айтқан облыс басшысы Махамбет Досмұхамбетов жұмыстың сапалы болуын ескертіп, кейбір олқылықтарды түзеуді тапсырды. Өйткені, атыраулықтар мен қонақтардың серуендеуіне қолайсыздық болмауы тиіс.

Ал жағалауды арбасымен аралап шыққан қоғам белсендісі Гүлнәз Қосмұрзиева жүгіруге, велосипетпен жүруге және жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың көңілінен шыққанын айтады.

Бірақ, мүмкіндігі шектеулі жандар мен балаларын арбамен серуендететін аналарға да қолайлы болуы үшін бірнеше ұсынысын мердігер компанияға жеткізді.

Жайық жағалауын абаттандыру жұмыстары НКОК компаниясының қаржыландыруымен жүргізіліп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT