Атырау қаласында Жастар саябағы ашылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда қала күніне орай Жастар саябағы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жастар саябағы Жайық өзенінің Еуропа бөлігіндегі жағасында орналасқан. Аумағы – 6,5 гектар . Саябақта жүгіру, велосипед, жаяу жүргіншілер жолы салынған. Енді мұнда көлеңкелі конструкциялы жазғы мобильді кафелер, балалар мен ересектерге арналған алаңдар, спорт жабдықтары, аттракциондар салу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Жайық өзенінің Бейбарыс көшесіндегі көпірден Жастар саябағына абаттандырылған жағалауы пайдалануға берілді. Оның ұзындығы 1861 метрді, аумағы 7,86 гектарды құрайды. Бұл жағалауда үш субұрқақ, «Атырау қаласының символы», «Шаңырақ» стела туындылары, бақылау алаңы, архитектуралық аркалар және сөрелер бар. Балалар алаңы, сауда орындары, пандустар, көлеңкелі шатырлар, отырғыштар, шамдар және қоқыс жәшіктері орнатылған. Жүгіруге арналған жолақ жасалып, велосипедшілер, жаяу жүргіншілер жолы төселген. Саябақ аумағына теректердің түр-түрі отырғызылып, газондармен де көгалдандырылыпты.

Ал облыс әкімдігі ғимаратына қарсы беттегі екі пирс жөндеуден өткізіліп, бұрынғы субұрқақ қайта жаңартылды. Жайық жағалауын абаттандыру жұмыстарын «NCOC» компаниясы қаржыландырған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда саябаққа 1000 жеміс ағашының көшеті егілген еді.



Соңғы жаңалықтар