Атырау қаласында сол жағалауға газ беру уақытша тоқтатылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында сол жағалауға газ беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазТрансгаз Аймақ» АҚ-ның өндірістік филиалынан мәлім еткендей, бұған «Атырау» газ тарату станциясында (ГТС-1) жүргізілетін жөндеу жұмыстары себеп болған.

«Осыған байланысты 6-10 қыркүйек және 27 қыркүйек-3 қазан аралығында сағат 8.00-ден Атырау қаласының сол жағалау бөлігінің тұтынушыларына газ беру уақытша тоқтатылады. Атап айтқанда, Вокзал маңы, Алмагүл, Орталық, Тұрғын үй қалашығы, Көкарна, СМП-136, СМП-163, Химик, Балықшы шағын аудандары мен М.Өтемісов, Ө.Атамбаев көшелері мен Азаттық даңғылындағы тұтыншуыларға табиғи газ берілмейді. Сондай-ақ, Ақжайық, Құрсай, Тасқала, Жаңаталап, Құрманғазы, Атырау, Дамбы елді мекендерінің тұтынушыларына газ беру уақытша тоқтатуға шешім қабалданды», деп хабарлады компанияның филиалынан.


Соңғы жаңалықтар