Атырау қаласында «Jastar Life» жастар форумы өтті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында жастардың «Jastar Life» форумы өтті. Қала күніне арналған ауқымды шараға 1000-ға жуық адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көп жастардың назарын аударған «Jastar Life» форумына республикаға танымал спикерлер қатысты. Олар форум ұйымдастырылған бес түрлі бағыт бойынша сөз сөйледі. Атап айтқанда, «Урбанистика» бағыты бойынша Қалалық зерттеулер орталығының жетекшісі Асхат Садуов сөз сөйледі, «Еріктілер» бағытында «Еріктілер лигасы» қоғамдық қорының төрайымы Айсұлу Ерниязова жастарды еріктілер қозғалысына атсалысуға шақырды. Актер әрі әнші Артур Төлепов «Өнер» бағыты бойынша сөйлесе, жаттықтырушы Дәулет Мұқаев «Қаржылық сауаттылық» бағытында өзі жинақтаған тәжірибесін бөлісті. «Кәсіпкерлік» бағыты бойынша форум қатысушыларына жеке кәсіпкер Арман Әлменбеттің шеберлік сабағы ұсынылды.

Форумның барлық бес бағыты бойынша жалпы 500-ге жуық адам қатысты. Жастар айтылған тақырыптарға үлкен қызығушылық танытты. Оларға әсіресе республикаға танымал спикерлер айтқан ақпараттар қызықты болды. Бұдан бөлек, Атырау жастары өздерінің әр бағыттағы идеялары жайлы, қайда жұмыс істейтіндерін айтып, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттен көмек алғысы келетіні туралы айтты. Екі күнге созылған форум аяқталғаннан кейін, шара спикерлеріне Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлының атынан алғыс хаттар табыс етілді. Өз кезегінде белсенділік танытқан қатысушылар да спикерлердің сыйлық сертификаттарымен марапатталды.

Жастар форумының соңында белгілі эстрада әншісі Ернар Айдардың концерті болды.

Соңғы жаңалықтар