Атырау қаласында екі күн ыстық су болмайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырау қаласында ыстық су беру тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау жылу жүйелері» АҚ хабарлауынша, қалада ыстық су беру 19-20 мамыр күндері тоқтатылады.

«2020-2021 жылдарға арналған күзгі-қысқы маусымға дайындық жоспарына сәйкес, 19-20 мамыр аралығында қалаішілік жылу желілерінің гидравликалық тығыздығы мен беріктігі тексеріледі. Гидравликалық жұмыс кезінде ыстық су болмайтынын хабарлаймыз» деп ақпарат таратты аталған кәсіпорын.

Кәсіпорын мәліметінше, бұл күндері сақтық шараларын сақтау қажет. Осыған орай компания жылу жүйелерінің тұрбасына таяу жерге көлік қоймау керектігін ескертті. Себебі, қауіпсіздік шаралары сақталғанымен, тосын жайт болуы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар