Атырау қаласында ауа сапасы нашарлайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 27 қазан күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидрометтің мәліметінше, тек Атырау қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар